Қарағанды облысында бір тәулікте 107 адам қар құрсауынан құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Қарағанды облысы аумағында қатты жел мен бұрқасын соғып, күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты.

Қарағанды облысында бір тәулікте 107 адам қар құрсауынан құтқарылды

Қарағанды облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің хабарлауынша, 25-26 қаңтар аралығында барлық автокөлік түрлері үшін «Топар - Жезқазған», «Қарағанды - Ақсу-Аюлы», «Қарағанды-Қарқаралы», «Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы»,»Теміртау - Ақмола облысының шекарасы» және «Киевка - Ақмола облысының шекарасы» автожол бөліктеріндегі қозғалыс тоқтатылды.

 

Жекелеген азаматтар қар құрсауында қалып қойды.

 

Қарағанды облыстық ТЖД бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің басқармасы өткен тәулікте облыс тұрғындарынан 2 мыңға жуық қоңырау қабылдаған.

Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерімен, жол ұйымдарымен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, барлығы 107 адамды құтқарды. Апатты-құтқару жұмыстарына Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері мен аудандық ТЖ бөлімдері жұмылдырылды.