Қарағанды облысында бір тәулікте 7 дала өрті сөндірілді
Ұлытау ауданында ірі дала өрттерін сөндіру жалғасуда. Құрғақ шөптің жануы 5 тамызда Аманкелді ауылдық округінде Сарлықелді мекенінен 33 шақырымда анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы 900 гектардан асады. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, өртке қарсы ерікті құралымдардың, полицияның және жергілікті тұрғындардан 111 адам мен 22 техника жұмылдырылған.
Құтқарушылар өңір тұрғындарына өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.
«Тұрақты құрғақ және ыстық ауа-райы өрттің үлкен аудандарға тез таралуына ықпал етеді және оны тоқтату өте қиын. Сондай-ақ, жалынмен күресу өрт сөндіру техникасы жетуге қыйын дала алқаптары, жақын жерде су ресурстарының болмауы қиындатады», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Өрт қауіпті кезеңдегі қарапайым қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар:
- құрғақ шөпті өртемеңіз;
- алау жақпаңыз;
- бөтелкелерді, шынының сынықтарын, басқа да қоқыстарды күн көзіне қалдырмаңыз;
- ешқашан сөндірілмеген сіріңкені немесе темекіні тастамаңыз.
Егер өрт ошақтарын тапсаңыз, дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарлаңыз.