Қарағанды облысында биылғы күзде 600 мыңнан астам көшет егіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында күзгі ағаш отырғызу науқаны жүріп жатыр. Жұмыстар Теміртау мен Абай маңында және тәлімбақ орманшылықтарда жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында биылғы күзде 600 мыңнан астам көшет егіледі

Көктемде орман алқаптарында 230 гектарға жуық 420 мыңнан астам көшет отырғызылды. Барлығы 395 гектар жерді көгалдандыру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бүкіл ел бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында белсенді түрде ағаштар отырғызылуда.

Қарағанды облысында күзгі жұмыстар басталды. 22 қазанға дейін 182 гектар жерге 619 мыңнан астам үйеңкі мен қарағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен мамандандырылған техника мен жабдықтар: тракторлар, ағаш отырғызу машиналары, сепкіштер, дискілік тырмалар және т. б. сатып алынады, сондай-ақ орман жарамдылығына топырақты зерттеу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіледі және болашақ орман тәлімбақтарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Орман ағаштарын отырғызу келесі жылы да жалғасады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында.