Қарағанды облысында бөгеттің бұзылу қаупі туындады, ауылдың 100-ден астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бөгеттің бұзылу қаупі туындауы салдарынан елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
None
None

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қойбас ауылынынан 109 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, олардың 37-сі балалар. Адамдар Сарепта ауылындағы орта мектепке орналастырылды.

Тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін дамбы ортасының топырағы сусығандығы белгілі болды. Құтқарушылар бұзылуы мүмкін аймаққа су қысымын төмендету үшін судың деңгейін арнайы жылғалармен ағызу арқылы біршама төмендетті.

Қазіргі уақытта да арнайы қазылған жылғалар арқылы суды Қойбас-2 су қоймасына жіберу жұмыстары жалғасуда. Ал Қойбас-1 су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуі 10 сантиметрді құрайды. №1 бөгет топырағының төмен сырғу динамикасы жіті бақылауда. Сонымен қатар ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қойбас ауылынан қауіпсіз жерге көшірілген адамдардың мүлкін жіті күзетуде.

Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ден мәлім еткендей, бөгеттің жобалық көлемі - 1 млн. 700 текше метр, қазір ол 70 пайызға толып тұр.

Төтенше жағдайды жоюға 57 адам мен 21 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар