Қарағанды облысында болған жол-көлік апатынан жол полициясының қызметкері зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында болған жол-көлік апатының салдарынан қызметін атқарып жүрген жол полицейі зардап шекті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қарағанды облысында болған жол-көлік апатынан жол полициясының қызметкері зардап шекті

Полицияның ақпаратынша, 16 наурыз күні сағат 23:15-те «Алматы-Екатеринбор» көлік жолында, Теміртау қаласынан 5 шақырым жерде «Ауди 100» көлігі және жол полициясының арнайы көлігі соқтығысып қалды.

«Астана қаласына көктайғақ жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін жылдамдықпен келе жатқан «Ауди 100» көлігінің 51 жастағы жүргізушісі, Абай қаласының тұрғыны көлікті жүргізе алмай, «ВАЗ 21102» арнайы көлігіне соқтығысты». ЖПБ-ның жасағы жолда нашар ауа райы жағдайында қозғалысқа шектеу қою үшін тұрды. Арнайы көлік шекаралық жолақта қосылып тұрған дабыл шамшырағымен тұрған», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Теміртау қаласының ІІБ ЖПБ-нің жүргізуші инспекторы жарақат алды. «Зардап шеккен азамат «жабық бас сүйек-ми зақымы, бас миының шайқалуы, бастың шаш бөлігінің жаралары, көкірек қуысының жаралануы диагнозымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.