Қарағанды облысында дәрігерлік амбулатория тазалық талаптарын бұзды

Бірінші тексеріс нәтижесінде дәрігерлік амбулаторияның рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейтіндігі анықталды. Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының қызметкерлері директордың міндетін атқарушыға ұйғарым жазған. Дәрігерге заң бұзушылықтарды жоюға бір ай уақыт берілген. Мамандар екінші қайта келгенде жағдайдың еш өзгермегендігін байқаған. Бұл жолы өкілетті орган дәрігерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сотқа материал дайындады.
«Аурухана директорының міндетін атқарушыға «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 462-бабы 3-бөлігі («қаулыларды, ұйғарымдар мен өзге де талаптарды орындамау») бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома 34 мың 35 теңгені құрайды», - деп хабарлады Шет аудандық сотының баспасөз қызметінен.