Қарағанды облысында екі ауданды су басты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы екі елдімекен су астында қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында екі ауданды су басты

«Қарағанды облысында тасқын сумен күрес іс-шараларының негізгі кешені Қарқаралы, Шет аудандарына бағытталған. Ол жерлерде су айдап шығаратын техникалар жұмыс жасауда. Ағын су өткізетін жоласты құбырлар тазартылып, тасқын суды жинайтын аңғарлар жасалынуда. Қарларды шығарып жатыр. ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен судың деңгейін тәулік бойы бақылауда», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мүталлапов.

null  

Қазіргі таңда жергілікті маңызы бар автожолдың үш учаскесін және республикалық маңызы бар жолдың бір учаскесін тасқын су аздап шайып өткен. 

Шет ауданында Шерубай-Нұра өзендеріндегі судың деңгейі жоғарылап, салдарынан Шопа ауылына баратын жол шайылып кетті. Осы себепті жол бойында көліктің жүруіне толықтай тыйым салынып, полицей бекеттері қойылды. Су айдап шығаратын арнаны кеңейту және тазалау жұмыстары жүргізілуде, су арнайы техника көмегімен айдалуда, тұрғындар өз үйлерінің аумағындағы қарларды шығаруда.

null 

Облыстық су тасқынына қарсы штабтың басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов ірі су қоймалары мен су тасқынының қаупі бар учаскелерді тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.