Қарағанды облысында екі бала еріген қар суына толған жыраға батып кетті

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында сейсенбі күні кешқұрым екі бала еріген қар суына толған жыраға құлап кетіп, мерт болды.
None
None

Үш сағаттан кейін жергілікті халық алты және жеті жастағы балалардың денесін судан алып шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен хабарлап отыр.

Осы уақытта Талдықорған қаласында тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген екі жастағы бүлдіршін суы бар бөшкеге құлап, көз жұмды. Оның мәйітін судан туыстары шығарып алды.

Онымен қоса, бұл күні Ақтөбе облысының Терісаққан ауылында өткелмен малды айдап өтпек болған 34 жастағы ер адам суға кетті. Оның денесі бір тәуліктен кейін ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық суда құтқару қызметінің күшімен (жеке құрамның 5 маманы мен бір техникасы) шығарылды.

Соңғы жаңалықтар