Қарағанды облысында екі бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 2018 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауының 13 фактісі тіркелген. Он бала ауруханаға жатқызылса, үшеуінің өмірі қиылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен аптаның өзінде облыста көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлау дерегі екі рет тіркелді.
Өңір ТЖД өкілдерінің айтуынша, 9 тамыз күні Қарағанды қаласының 23-ші шағынауданында ата-ана қарауынсыз қалған бес жасар қыз бесінші қабаттың балконынан құлап, ауруханаға жатқызылған. Дәл осындай жағдай 11 тамызда Шахтинск қаласында да болды. Төртінші қабаттан құлаған екі жасар бала ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.