Қарағанды облысында екі ірі жол-көлік оқиғасында 19 адам жарақат алды

 АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында екі ірі жол-көлік оқиғасында 19 адам жарақат алды,

Қарағанды облысында екі ірі жол-көлік оқиғасында 19 адам жарақат алды

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 Сәрсенбі күні, желтоқсанның 16-сында Қырғызстаннан Ресейге кетіп бара жатқан «Сетра» автобусының жүргізушісі Алматы-Екатеринбор трассасының 958 шақырымында көлік құралының аударылуына жол берді.

 Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған тоғыз жолаушы ауруханаға жатқызылды, олардың ішінде сегіз және бес жастардағы екі бала бар.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, зардап шеккендердің барлығы - Өзбекстан мен Қырғызстанның азаматтары.

Сонымен қатар, осы күні Қарағанды облысы Балқаш қаласының аумағында үш жеңіл автокөлігінің - «Фольксвагеннің», «Мерседестің» және «Мазданың» соқтығысуы орын алды. Апат салдарынан «Фольксвагеннің» жүргізушісі және төрт жолаушы, олардың ішінде 3 жасар сәби бар, сондай-ақ «Мерседестің» жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.