Қарағанды облысында екі көлік өртенді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды мен Теміртау қалаларында жүк және жеңіл көлік отқа оранды. Екі жағдайда да көліктердегі сымдардың тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында екі көлік өртенді

«4 қыркүйек күні сағат 8: 57-де Теміртау қаласының 8-шағынауданында көліктің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенде жүк көлігі өртеніп жатқан. Жалын сағат 09:36-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – мотор бөлігіндегі қысқа тұйықталу», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай- ақ, 3 қыркүйекте Қарағанды қаласында да төтенше жағдай орын алды. Сағат 19: 11-де Шахтерлер даңғылы мекенжайы бойынша көліктің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Жалын УАЗ автокөлігі қозғалтқышының жанғыш бөліктері мен қаптамасын шарпыған.

Өрт сағат 19:25-те сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.