Қарағанды облысында экономикалық соттың шешімімен ауыл әкімдігінің ғимаратын пайдалану тоқтатылды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданында өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтамау салдарынан Балықтыкөл ауылының әкімдік ғимаратын пайдалану тоқтатылды.

Қарағанды облысында экономикалық соттың шешімімен ауыл әкімдігінің ғимаратын пайдалану тоқтатылды

Бұл туралы Қарағанды облысы экономикалық мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы, судья Индира Қоспаева мәлім етті.

«Төтенше жағдай бойынша басқарманың шағым-талабы қанағаттандырылды. Балықтыкөл ауылының әкімдік ғимаратын пайдалану тоқтатылды, ол өрт қауіпсіздік ережесінің талаптарына сай емес. Жауапкер сот отырысына келмеді, сондықтан да сот оның сыртынан осындай шешім шығарды», - деді И. Қоспаева.

Ауыл әкімдігінің мекемесінде «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» құрылымдары бар.

«Сырттан шығарған шешім заңды күшіне енген жоқ. Талаптар шағым түсіруге толық құқылы», - деді соттың баспасөз хатшысы.