Қарағанды облысында ер адам 2,6 грамм героинмен ұсталды

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің есірткі контрабандасымен күрес бөлімі 16 шілде күні А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабының 2-1 бөлімдері және 259 бабының 3 бөлімі «В» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қарағанды облысында ер адам 2,6 грамм героинмен ұсталды

 Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша КБК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 2012 жылдың маусым-шілде айларында есірткі контрабандасымен күрес жедел-алдын алу шаралары өткізілді, соның барысында заңсыз есірткі заттарын сату фактілері анықталды. Қарағанды қаласында тұратын А. есімді азамат ұнтақ секілді ақ-сұр түсті затты сатқан. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл зат 2,6 грамм  героин болып шықты. Тексеру амалдары жүргізілуде.