Қарағанды облысында ер адам тайып жығылып, мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ақтас ауылында ер адам көктайғақта тайып жығылып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ер адам тайып жығылып, мерт болды

Ер азаматтың тайып құлап, ес-түссіз жатқандығы жөнінде жедел жәрдем қызметіне оқиға болған жерде орналасқан дүкеннің сатушысы хабарлаған.

«Медициналық көмек қажеттігі жөнінде шақырту таңғы сағат 08-08-де келіп түсті. Сағат 08-25-те Сарань қаласының жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Келе салысымен дәрігерлер құлаған адамның мерт болғанын анықтады. Ол дәргерлер келгенше жантәсілім еткен»,- деп хабарлады басқарма өкілдері.

Ведомство қызметкерлері ер адамның жасы 50-ден асқандығын айтты. Оның не себептен қайтыс болғандығын сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болады.