Қарағанды облысында еріген қар суының тасуы салдарынан тасжол жабылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Еріген қар суының тасуы салдарынан Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, республикалық маңызы бар тасжолдың учаскесі жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабылған.
«Республикалық маңызы бар Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының 139, 141, 169 шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», - делінген «Қазақавтожол» РМК хабарламасында.