Қарағанды облысында газ баллоны жарылысынан күйік шалған қыз көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Солтүстік-Батыс кентінде  газ баллоны жарылып, күйік шалған Анна Шилина 1 наурыз күні көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында газ баллоны жарылысынан күйік шалған қыз көз жұмды

«Қыз ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денесінің көп бөлігін күйік шалған еді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, қыздың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, қыз қайтыс болды», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оның сөзіне қарағанда, жансақтау бөлімінде Анна Шилина есін жиған.

Еске сала кетейік, 19 ақпанда 17:00-де Солтүстік-Батыс кентіндегі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Соның салдарынан денесін күйік шалған жігіт пен қыз ауруханаға жеткізілген, кейіннен Даниил Ефремов сонда көз жұмған еді.