Қарағанды облысында газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды, 4 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «ТемірГаз» ЖШС-нің ғимаратында газ баллоны жарылды, орын алған төтенше жағдайдың салдарынан 4 адам зардап шекті.

Қарағанды облысында газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды, 4 адам зардап шекті

  Бұл туралы Теміртау қалалық ТЖБ-дан хабарлады.

 «Теміртау маңындағы Жаңаауыл елді мекенінде «ТемірГаз» газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды. Апаттан зардап шеккен 4 адам Теміртау ауруханасына жеткізілді».

Жарылыстың салдарлары жойылуда. Себеп пен келтірілген шығын анықталу үстінде.