Қарағанды облысында газдан уланған үш жігіт көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында үш жігіт улы газға тұншығын ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында газдан уланған үш жігіт көз жұмды

28 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 22-23 жас аралығындағы үш жігіттің өлімі туралы хабарлама келіп түсті.

«Тұншықтырғыш газдан зардап шеккендер жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Полиция қызметкерлері келгенде оларда биологияқ өлім тіркелген»,-деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіттер қазандық ғимаратында тұншықтырғыш газдан уланған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 22-23 жас аралығындағы жігіттер иіс тиіп ажал құшқан. Бұл факті полицияда тіркелген, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлімделген Polisia.kz сайтында.