Қарағанды облысында «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуға 45 млн. теңгеге тапсырыстар алынды
Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалынан хабарлады.
«6 қарашадан бастап «Қазпошта» АҚ Қарағанды филиалының пошталық байланыс бөлімшелерінде «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға өтінімдер қабылдануда. Инвестициялық жобаның басталуының бірінші күнінен бері тұрғындардың белсенділігі байқалуда. 10 күннің ішінде, 15 қараша күні Қарағанды облысында 361 брокерлік шот ашылды, 45 млн. теңгеге клиенттік тапсырыстар алынды», - деді «Қазпошта» АҚ Қарағанды филиалының трансфер-агенттік секторының маманы Айнұр Тәжібаева.
Оның айтуынша, аймақтағы «Қазпошта» АҚ-ның 114 бөлімшесінде жеке операциялық залдар мен өтінімдерді қабылдайтын терезелер құрылды. Қарағанды бойынша ғана 18 бөлімше істеуде.
Қарағанды қалалық пошталық байланыс торабынан хабарлағандай, мұнда акциялардың екі ірі сатып алынуы ресімделді - 1000 және 3000 данадан, сәйкесінше 725 мың теңгеге және 2 млн. 175 мың теңгеге.
Облыста «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының болуы мүмкін инвесторлармен бірқатар кездесулері өтті. Компанияның өкілдері «Халықтық ІРО» пионерінің инвестициялық тартымдылығын көрсететін тұсаукесерлерді өткізіп, бағдарламаға қатысу талаптары туралы айтып берді.
Бұрын хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасының аясында 40 миллионға жуық акцияны орналастырды. Көлемі компанияның минус бір акциясындағы 10 пайызға тең.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акцияның бағасы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына бастапқы орналастырудың барысында 725 теңгені құрайды.
6 қарашада басталған акцияларға жазылу 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияларды сатып алу өтінімдерін Қазақстан Республикасының азаматтары мен ҚР заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорлары бере алады. Бұл ретте негізгі басымдық бөлшексауда инвесторларына берілді. Шектеу де бар - акцияларды 7 млн. теңге сомасына дейін сатып алуға болады.