Қарағанды облысында іздеуде жүрген салықшы өз еркімен полицияға келді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 1 жылдан астам уақыт бойы пара алғаны үшін іздеуде жүрген Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы заңды тұлғалар аудит бөлімінің басшысы Қанат Есенбаев өз еркімен полиция келді.

Қарағанды облысында іздеуде жүрген салықшы өз еркімен полицияға келді

Бұл туралы облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлады.

«29 мамырда 2011 жылдың наурыз айынан соттың санкциясымен қамауға алыну үшін іздуге жүрген Қ. Есенбаев өз еркімен Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне келді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 311 бабаның 4 бөлемі «б» тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс тексерілуде», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өткен жылдың көктем мезгілінде пара алу фактісімен Теміртау қаласы бойынша салық департаментінің екі қызметкеріне - заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы Қ. Есенбаев пен сол бөлімнің бас маманы Р. Манашов есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара ретінде заңды тұлғаның өкілінен ЖШС жою бойынша салық тексеру жұмыстарын тез арада өткізіп, бітіру үшін 7000 АҚШ долларын және басқа ЖШС-де еш бұзушылықсыз салық тексеру жұмыстарын өткізу үшін 20 000 мың АҚШ долларын сұраған. Ақша валюта айырбастау пункті арқылы берілген.

«2011 жылдың 5 наурызында Манашов 7000 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталды. Кейін, 29 наурызда 20 000 мың АҚШ доллары сомасында пара алған бас маман қаражатты Қ. Есенбаеқа табыстағаны мәлім болды», - деп хабарлады қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Р. Манашов өткен жылдың қараша айында пара алуда делдал болғаны үшін 3 жылға сотталған болатын.