Қарағанды облысында қан ауруларымен науқастанғандарды емдеуге 2,9 млрд теңге бөлінді

Қан аурулары бар науқастарды емдеу гематология орталығында өтеді. Ол Қарағандыда 2018 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Биыл ол Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының гематология саласындағы құзыреттілік орталығы ретінде үлкен жеке ғимаратқа көшті.
Қазір орталықта қан аурулары бар пациенттер диспансерлік есепке дейінгі барлық маршруттан өтеді: күндізгі және сырттай консультацияларды қарастыратын амбулаториялық емдеу, тексеру кезеңі және тәулік бойы немесе күндізгі стационарда емдеуден өтеді.
Өткен жылы Орталықтың тәулік бойы және күндізгі стационарларында Қарағанды және басқа облыстардан 2 мыңнан астам пациент емделді. 73–76 %-ы қан қатерлі ісігі бар науқастар.
«Қазір стационарды алмастыратын көмекке басты назар аударылды, күндізгі стационарда бізде 16 төсек бар, бұл бізге диагностикалық және емдік манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Науқас өз үйінде қалады, емделіп, оралады, осылайша біз ауруханаішілік инфекциялар қаупін азайтамыз. Қазір тәулік бойы ауруханаға тек ауыр науқастар – жедел лейкозбен ауыратындар жатқызылады. Химио-және жоғары дозалы терапия жүргізіледі», – дейді гематология саласындағы құзыреттілік орталығының директоры Ирина Баландинская.
Тәулік бойғы стационардағы пациенттер жергілікті желдету жүйесі бар бір орындық палаталарда емделеді. Әрқайсысында шұғыл түрде реанимациялық постты орналастыру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.
Гематологиялық аурулары бар пациенттерді тексеру және емдеу ТМККК және МӘМС пакеттері есебінен жүргізіледі.