Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 55 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, жел, жолдың нашар көрінуі) «Екатеринбор - Алматы» тас жолында, Теміртау қаласы аумағынан Ақмола облысы шекарасына дейін және Қарағанды қаласы аумағынан Балқаш қаласына дейін автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
None
None

Осакаров ауданында жол қозғалысына шектеу қойылуына қарамастан, «Алматы-Екатеринбор»  тас жолының 1141-ші  шақырымында 150 автокөлік қар кептелісінде қалып қойған. 12 желтоқсанда 23:00-ден 13 желтоқсанның 02:30 аралығында Қарағанды облысының ТЖД авариялық-құтқару қызметінің күштері, жергілікті атқарушы органдары, жол полициясы және жол тазарту мекемелері бірлескен әрекеттерінің арқасында  қар құрсауында қалған автокөліктерден 55 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала. Барлық көшірілгендер Осакаровка кентінің аудандық мәдени-сауық орталығына орналастырылды, қуаныштысы зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД хабарлады. Сондай-ақ ТЖД тұрғындарды қолайсыз ауа райында жолға шықпауға кеңес береді.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді БАҚ мен СМС-хабарламалары арқылы ауа райының қауіпті және стихиялық құбылыстарын ескертулерге назар аударуларыңызды сұраймыз. Сақ болыңыздар, ауа райының өзгерістерін бақылап отырыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Алыс жерлерге жолға шығарда ауа райының өзгеруіне сәйкес киіну керек. Алыс жолға шықпаңыздар, әсіресе түнгі уақытта және ауа райы нашарлаған жағдайында», - деп жазылған хабарламада. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар