Қарағанды облысында қар суына батып кеткен көлік білім басқармасына тиесілі болып шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қар суын қақ жарып өтпек болған жолда үш адамы суға кеткен «УАЗ» автокөлігі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы білім басқармасына тиесілі болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы білім басқармасының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, «УАЗ» автокөлігі Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы № 8 жалпы білім беретін орта мектептің ресурстық орталығына тиесілі.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған көлік Қарашоқы ауылынан Бесобаға және Қызыл Ту бөлімшесіне бет алған. Көлікте 9 адам болған. Бесобаға 13 шақырым қалғанда көлік қисайып барып құлаған. Адамдар сол сәтте жанталаса көліктен шыға бастаған, алайда 3 адам - 13 жасар Ерасыл Дарханұлы, 19 жасар Жанболат Мажитов және 56 жастағы Болат Әбілдинов суға кеткен.

6 адам аман-есен жағаға жеткен. Олар: Ерсін Әбеуов, Тоқтақын Қасымқұлов, Сырым Қасымқұлов, Өмірғали Құлтабаров, Мейрам Мурсалов және 13 жасар Рамазан Көпбергенов.

Соңғы жаңалықтар