Қарағанды облысында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге 40 млн теңге айыппұл салынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 5 қарашада Қарағанды облысында мониторинг топтары карантин талаптарының бұзылуынга қатысты 11 дерек тіркеді. Нәтижесінде жеті әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге 40 млн теңге айыппұл салынды

4 ай ішінде - 2020 жылғы 5 шілде мен 5 қараша аралығында мобильді топтар 16 715 рейд жүргізді. Карантин талабын сақтамауға қатысты 1 486 кемшілік анықталды. Жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам 1 065 әкімшілік айыппұл салынды.

«Карантинді бұзудың ең көп саны дүкендерде, сауда орталықтарында және базарларда тіркелді. Бұл санитарлық нормаларды сақтамау, халыққа жеке қорғаныс құралдарынсыз - бетперде мен қолғапсыз қызмет көрсетуі», - деп мәлімдеді Жедел ден қою орталығынында.