Қарағанды облысында қарашада құтқарушылар жолдардағы қиын жағдайларда 15 рет көмек көрсетті
ҚАРАҒАНДЫ. 27 қараша. ҚазАқпарат - Осы айда Қарағанды облысында өртке қарсы күрес қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарына 15 рет шықты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Құтқарушылар оны ауа райы жағдайымен байланыстырады.
«Қарағанды облысына биыл қыс қарашада түсті. Онымен бірге көктайғақ, бұрқасын, күртік қар пайда болды. Ағымдағы айдың басынан бері өртке қарсы қызметкерлер жол қозғалысының қатысушыларын «қар тұтқынынан» шығарып, апатты жағдайлардың зардаптарын жою үшін 15 рет шықты», - деп атап өтілген облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметінен.
Алматы-Екатеринбор тас жолы жол-көліктік оқиғалардың саны бойынша әлі де көш бастауда, деп хабарлайды ведомстводан. «Нашар көрінушілік пен қысқы мерзім жолдардағы жағдайды қиындатуда», - деп атап өтеді құтқарушылар.