11:07, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Қарағанды облысында Қарқаралы қаласының тұрғынынан 30 келіге жуық марихуана алынды
ҚАРАҒАНДЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында бұған дейін істі болған азаматтан 30 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Көкнәр-2012» шұғыл-алдын алу іс-шарасының барысында Қарқаралы қалалық ІІБ-нің қызметкерлері бұған дейін істі болған азаматтың бақша маңы учаскесінде 16 келіден астам салмақ тартатын қарасораның 24 бұтасын анықтап, тәркіледі. Одан әрі оның үйінің шатырын тексеру барысында тағы 10 келі кептірілген марихуана табылды», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабы, 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. «Бұл қылмыс үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды», - деп ескертті полиция.