Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 30 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қылмыстық схема азаматтардың тұтыну кооперативінің активтерді қайта бөлу арқылы жеке тұлғалардан ақша тарту және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байытуды қарастырады (кіру жарнасы - 180 мың теңге). Аталған факті бойынша ҚР ҚК 217 бабының 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар