Қарағанды облысында қатты жел аурухананың шатырын ұшырып әкетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты соққан жел Қарағанды облысындағы аурухананың шатырын ұшырып әкетті. Ақпаратты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінде растады.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шахтинск қаласында сағат 14:50 шамасында секундына 19 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан бес қабатты, аумағы 450 шаршы метрлік орталық аурухана ғимаратының шатыры ұшып кеткен. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғанындай, дәл осы күні сағат 15:09 шамасында Қарағандыда қатты жел жалпы аумағы 40 шаршы метрлік бес қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ. Ол жерде де комиссия жұмыс жүргізу үстінде.

Соңғы жаңалықтар