Қарағанды облысында қатты жел мен боран болуы мүмкіндігіне байланысты ескерту жасалды
ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық ТЖ жөніндегі департаменті синоптиктердің болжамына сілтеме жасап, қатты жел тұрып, боран соғуы мүмкіндігіне байланысты ескерту жасады.
«Қазгидромет» РМК қарағандылық гидрометеорология орталығының хабарлауынша, облыс аумағында 2011 жылдың 16 ақпанында боран болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді, түнде тұман көтерілуі ықтимал», - делінген бүгін облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.
Осыған орай ТЖ жөніндегі қызметтер тұрғындарды барлық сақтық шараларын қолданып, ауа райының өзгерістерін бақылап, мүмкіндігінше алыс жолға сапарлардан тыйыла тұруға кеңес береді.