Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде жұмысшы зардап шекті

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданындағы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ның филиалы - «Қарағандытүстіметалл» өндірістік бірлестігінің «Нұрқазған» кенішінде

Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде жұмысшы зардап шекті

24 жастағы жұмысшы жоғарыдан құлаған тас-топырақтың астында қалып қойды.

Бүгін облыстың төтенше жағдайлар басқармасынан хабарланғандай, оқыс оқиға өткен жексенбі, 11 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 05.55-те «Нұрқазған» жер асты кенішінің №7-ші учаскесінде болды. Зардап шеккен жұмысшы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.