Қарағанды облысында кептелісте қалған жүк көліктері құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург күре жолындағы кептеліс жойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ТЖД хабарлауына қарағанда, Қарағанды облысы Спасск кентінің маңында көктайғақ салдарынан пайда болған жүк көліктер кептелісі толығымен тарқады.

24 желтоқсан күні кешкісін асуға шыға алмаған ауыр машиналар кептеліске тіреле бастап, таңға дейін 60 машина жиналып қалған. Ал 27 желтоқсан күні жедел-құтқару жасағының қызметкерлері күре жолда қалған ұзын-сонар көлік кептелісі мәселесін толығымен шешті.

«Құтқарушылар арнайы көлікпен келіп, ауыр жүк көліктерінің жолдағы көктайғақ қаптаған асуға шығуына көмектесті. Құтқару бекеті жергілікті полиция қызметі және «Қазавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп жол қозғалысы толық тұрақтанғанға дейін жұмыстар жүргізді», - дейді Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару бекеті тас-түйін дайындықта отыр.

Соңғы жаңалықтар