Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілуде

Қарағанды облысында Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінде су басу қаупі төнеді. Аталмыш су қоймаларының жағдайы тұрақты бақылауда.
«Апта сайын облыстық ТЖД мен Қазгидрометтің қызметкерлері өзен бассейніндегі ылғал қоры бойынша болжам жасайды. Олар қардағы ылғал мөлшері мен оның жалпы санын өлшейді. Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, бір ай бұрын Нұра бассейніндегі ылғал қаупі миллиард текше метрді құрады, ал қазір 130 миллионға азайды. Енді олардың деңгейі өткен жылғы көрсеткіштерге сәйкес келеді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.
Сондай-ақ, Шерубай-Нұра бассейнінде ылғал қорының шамалы төмендеген. Ауа райына байланысты көрсеткіштер жақсарады: күндіз облыстың барлық аумағында плюс температура сақталуда, ал түнде термометр бағаны нөлден төмен түседі.
Бүгінгі күні облыста өзен арнасының бойында орналасқан елді мекендердің су басуын болдырмау үшін барлық күш жұмсалуда. 2018 жылы Нұра ауданы Қантай ауылының айналасына 2950 метр үймежал салынды. Қазір Кантайдың айналасында еріген судың ағуы үшін арық қазылды.
Ұзындығы 1 700 м болатын үймежал Тассуат ауылын су тасқынынан қорғайды. Бірнеше жыл бұрын ол су астында қалып қойған болатын. Ал 2017 жазда елді мекеннің айналасында үйінді биіктетілді. Өткен жылы ол қиыршық таспен нығайтылды. Сонымен қатар, еріген суды қорғаныс білігіндегі негізгі су өткізу құрбырына арай ағызатын арықтар қазылды.
Қарағанды облысында барлығы 13 қорғаныс жал мен габион салынды. Олардың барлығы нығайтылған.
Жолдарда су алып кетпеуі үшін құтқарушылар өзен арналарында және бұрылыстарда жарылыс жұмыстарын жүргізеді. 20 учаскеде мұз-сең жарылады.
Жеңіс Қасымбек облыстағы су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырды.