Қарағанды облысында көліктердің өртенуіне ұласқан жол апатында алты адам қаза тауып, екі бала ауруханаға жеткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Нұра ауданында жұма, тамыздың 13-інде жол апаты орын алып, оның салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі түрлі дене жарақаттарын алды,

Қарағанды облысында көліктердің өртенуіне ұласқан жол апатында алты адам қаза тауып, екі бала ауруханаға жеткізілді

деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Тамыздың 13-інде сағат 13.50 кезінде Киевка ауылынан 5 шақырым жердегі «Киевка-Теміртау» көлік жолында «Опель-Вектра» автокөлігінің әзірге анықталмаған жүргізушісі Теміртау қаласына барар жолда қарсы жолға шығып кетіп, Ақмола облысының 43 жастағы тұрғынына тиесілі «ВАЗ-2106» автокөлігіне соқтығысты. ЖКО кезінде екі көлік те толықтай жанып кетті», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Опель-Вектра» автокөлігінің ішінен отқа күйген екі мәйіт, ал көлік жанынан отқа жанып кеткен бір мәйіт табылды. «Ал «ВАЗ-2106» автокөлігінің ішінен екі адамның от шарпыған мәйіті табылды, қаза тапқандар 33 жастағы әйел мен 8 жасар қыз бала. Жүргізуші ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Екі жолаушы: 13 және 5 жасар екі бала Киевка ауылының аудандық дәрігерлік бірлестігіне түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.