Қарағанды облысында көмір мәселесін реттейтін штаб құрылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қатты отынның тасымалдануы мен баға саясаты бойынша жағдайды реттеу мақсатында арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың айтуынша, өңірде республика тұрғындарының қажеттілігіне 9 айда 2 миллион тонна көмір жөнелтілген, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18%-ке көп. Өңірге негізгі көмір жеткізуші - «Шұбаркөл көмір» АҚ-пен қауырт жағдайды реттеу мақсатында қосымша шаралар қарастырылған.

Облыста Қазақстан Премьер-Министрінің республика нарығына тәуліктік көмір шығару көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасы орындалды. Техника көбейтіліп, вагондар саны 140-тан 180-ге дейін жеткізілген.

«Жалпы, көмір жеткілікті мөлшерде, вагон мәселесі де шешілді. Астанаға тәулігіне 25 вагон көмір жөнелтіліп жатыр, бұл тұрғындардың көмірге деген сұранысын қанағаттандыруға жетеді», - деді өңір басшысы. Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де реттелген, тәулік сайын көмір тасымалдап жатқан 60 вагон ең алдымен шалғай қалалар мен аудандарға барады.

Соңғы жаңалықтар