Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үй баспалдағы опырылып түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауға жақын маңдағы Ақтау кентіндегі бесқабатты тұрғын үй баспалдағы құлап, одан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Теміртау әкімдігінің баспасөз хатшысы Ольга Горячеваның хабарлауынша, төтенше жағдай бесінші орамдағы №2 үйде болған.

2

«30 мамыр күні Ақтаудағы 5 орамдағы №2 үйдің баспалдақ алаңы опырылып түсті. Құрамына Теміртау әкімінің орынбасары, Ақтау кентінің әкімі міндетін атқарушы, төтенше жағдайлар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс басқармалары, тұрғын үй инспекциясы және тағы басқа ведомствоның өкілдері кіретін жұмыс тобы тұрғын үйді қарап шықты. Тұрғын үйдің тұруға жарамсыз екендігі анықталды. Себебі оның қабырғасында жарықтар пайда болып, іргетасы отырған және жертөлесіне фекальды және жер асты сулары жиналған», - деді Ольга Горячева.

3

ТЖ болған кезде үйде жеті отбасы - 14 адам тұрып жатқан. Соның ішінде - 11 ересек пен екі бала. Үй мен пәтерлер антисанитарлық жағдайда тұр. Тұрып жатқандардың басым бөлігі - өздігінен қоныстанған тұрғындар.

«Қазіргі таңда үйдегі электр және су өшірілді. Тұрғындар туыстарына жіберілді. Ақтау кентінің жергілікті полиция қызметі тонаушылыққа жол бермеу мақсатында үйді күзетіп жатыр. Ахуалды Теміртау әкімінің жіті бақылауында», - деп хабарлады О. Горячева.

Соңғы жаңалықтар