Қарағанды облысында коронавирус анықталған бес адамның төртеуі карантиндік госпитальде болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында тағы 5 адамның COVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қарағанды облысында коронавирус анықталған бес адамның төртеуі карантиндік госпитальде болған

Олар:

- 1994 жылғы әйел адам, Қарағанды қаласының тұрғыны, осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған;

- 1997 жылғы жігіт, Теміртау қаласының тұрғыны, осыған дейін үй карантинінде болған; 1988 жылғы әйел адам, Теміртау қаласының тұрғыны, осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған;

1999 жылғы әйел адам, Қарағанды қаласының тұрғыны, осыған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған;

1989 жылғы ер адам, Теміртау қаласының тұрғыны ол да карантиндік госпитальге жатқызылған.

Бүгінгі таңда облыста инфекцияны 108 адамның жұқтырғаны тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, 30 науқас жазылып шықты.

Қарағанды қаласында – 49 адам

Теміртау қаласында – 38 адам

Шахтинск қаласында – 7 адам

Саран қаласында – 1 адам

Бұқар жырау ауданында – 1 адам

Шет ауданында – 1 адам

Басқа облыстан – 11 адам

Науқастардың жас құрамына талдау жасағанда:

18-29 жас аралығында – 23 адам

14 жасқа дейінгі балаларда – 18 адам

30-39 жас аралығында – 17 адам

60 жастан асқан адамдар – 15 адам

40-49 жас аралығында – 20 адам

50-59 жас аралығында – 11 адам

жасөспірімдер арасында – 4 адам.