00:00, 10 Мамыр 2020 | GMT +5
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған адам бұрын ауырғандармен байланыста болған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 22-30-дағы мәлімет бойынша Қарағанды облысында бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вирусты жұқтырған 1995 жылғы ер адам, Ақтау кентінің тұрғыны. Ол зертханалық жолмен вирус расталған адаммен байланыста болған, карантин госпиталінде болған. ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациентте COVID-19 анықталды»,-деп хабарлады Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
2020 жылғы 9 мамырдағы ахуал бойынша Қарағанды облысында 189 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ қауіпт індеттен 3 адам көз жұмып, 92 пациент жазылып шықты.