Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тiркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 сәуір сағат 11.10-да эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам Қарағанды облысында тiркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам  тiркелді

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында - 76 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 972 науқас тіркелді.