Қарағанды облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 21% азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында соңғы апта ішінде өңір тұрғындарының коронавирусқа шалдығуы 21 пайызға азайды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 21% азайды

«Жыл басынан бері Қарағанды облысында короновирусты жұқтырудың 98 898 жағдайы тіркелді. Қазіргі кезде оның ішінде 90 100 адам жазылды. Облысымыз бүгіннен бастап «сары» аймаққа кірді. Бірақ, негізгі шектеу іс-шаралары сақталады. Сонымен қатар қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты және жұқтыру жағдайларының саны азайып келеді. Соңғы аптада инфекцияның жаңа жағдайлары 21 пайызға азайды. Пандемия денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарына, оның ішінде қаржыландыру ағынын бөлуге түзету енгізді. Біз негізгі күш-құралдарды әртүрлі ауырлықтағы коронавирус инфекциясы бар науқастарды диагностикалау мен емдеуге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағыттадық», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің атап өтуінше, Қарағанды облысында «Ashyq» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр.

«Жобаға 12 мыңнан астам кәсіпкер қатысуда. Бұл - республика бойынша үшінші көрсеткіш саналады», - деді Ермек Алпысов.