Қарағанды облысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы Күштерінің жауынгерлік тактикалық оқулары өтті
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік тактикалық оқуларының белсенді кезеңі өтті.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Оқуларға Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Жетіген авиациялық базаларының Су-27, Миг-27 жоюшы-бомбалаушылары, Миг-31 тосқауылшылары, Миг-29 жауынгерлік жойғыш ұшақтары жұмылдырылды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің авиациясынан басқа оқуларға қазақстандық әскердің байланыс және әуе шабуылына қарсы қорғанысының жасақтары белсенді қатысты.
Ұшу құрамының осыған ұқсас жаттығулары кластық біліктілікті қуаттау және тағайындау үшін өткізіледі және олар үшін емтихан болып табылады.