Қарағанды облысында ҚР ТЖМ кинологиялық қызмет есептерінің сертификаттық сынақтары өтеді

Бұл шара 19 қазанда атап өтілетін ТЖ күніне орайластырылған. Сертификаттық сынақтар 9 қазанда басталады.
Басты мақсат - кинологиялық есептердің дайындық деңгейін тексеру, кластық біліктілікті беру немесе растау, сондай-ақ іздеу иттерін ТЖ кезінде зардап шеккендерді анықтау үшін дайындау және қолдану тәжірибесімен алмасу.
«Сертификаттауға ҚР ТЖМ-нің кинологиялық қызметіндегі тыңдау және ептілік курсы және арнайы жаттықтыру курстарының бірі бойынша дайындықтан өткен барлық есептер жатқызылады. Сертификаттау 18 айға толған барлық жаттықтырылған іздеу иттері үшін міндетті», - делінген хабарламада.
Сертификаттауды құрамы ҚР ТЖМ бұйрығымен бекітілген комиссия өткізуде. Ол үш класс: «А», «В» және «С» бойынша өткізіледі.Техногендік үйінділер және табиғи орта жағдайларында іздеу-құтқару жұмыстары сынақтарын өткізу қарастырылған. «В» класы берілуі үшін көліктегі апаттар кезіндегі іздеу-құтқару жұмыстары сынақтарынан өту керек.