09:39, 17 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қарағанды облысында күн 3 градусқа дейін суытады
ТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінің ауа райына ауа ағындарының бөлінісі әсер етіп, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Ал республиканың басқа аумағының ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Жамбыл, Атырау, түнде Алматы, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 0-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, батыста және Қазақстанның орталығында жоғары өрт қаупі сақаталады.
Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс тау өзендерінің басым бөлігінде су деңгейінің аздап ауытқуы байқалады.