Қарағанды облысында күн салқындайды
ҚАРАҒАНДЫ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауа райының 0-2 градусқа дейін салқындауы күтілуде, деп ескертеді синоптиктердің болжамына сілтеме жасаған облыстық ТЖ департаментінен.
«Қазгидромет РМК-ның Қарағанды гидрометеорология орталығы еншілес мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтерінше, 2012 жылдың 5-6 қыркүйек күндері облыстың солтүстігінде, шығысында және орталық аудандарында ауа температурасының 0-2 градусқа дейін төмендеуі күтілуде», - деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінен.