Қарағанды облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметіне Мұрат Сәкенұлы Мағзин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімдігінде хабарлады. Жаңа басшының кандидатурасы конкурстық комиссияның шешімімен ұсынылды.
Мұрат Мағзин еңбек жолын 2000 жылы «Испат-Кармет» АҚ Көмір департаментінің В.И. Ленин атындағы шахтасында тау-кен шебері болып бастаған.
2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – Абай ауданында құрылыс және қала құрылысы; ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2006 жылдан 2015 жылға дейін осы ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарды.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.