Қарағанды облысында күшті аяздар сақталады
ҚАРАҒАНДЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында тағы да күшті аяз болатыны туралы ескерту жасалды. Бұл туралы бүгін облыс ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазгидромет» РМК Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша, 2 наурызда түнде Қарағанды облысының шығысында 26-31 градусқа дейінгі күшті аяздар сақталады», - деп хабарладйды облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
Осыған байланысты құтқарушылар облыс халқына абай болып, ауа райы өзгерістеріне назар аударып отыруды және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауды ұсынады.