Қарағанды облысында күшті желді күні катамаран демалушыларды көл айдынына алып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарқанд су қоймасындағы судан құтқару қызметінің кезекшісі катамаранда екі ер адамның жағалаудан 500 метрге қашықтап кеткенін байқады.
Күшті желді күні катамаранның дивигателі істен шығып, оларды көл айдынына алып кеткен болып шықты.
Құрамында 3 адамы бар құтқарушылар тобы «Обь-3» кезекші қайығымен зардап шегушілерге жетіп, оларды қайық бортына көтеріп алып, судан құтқару стансасына жеткізді, деп хабарлады облыс ТЖД баспасөз қызметі.