Қарағанды облысында құтқарушылар із-түзсіз кеткен баланы тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шұбартүбек кентінде 12 жастағы бала хабар-ошарсыз кеткен. Бір жарым күннен кейін оны елді мекеннен 800 метрдей жерден Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында құтқарушылар із-түзсіз кеткен баланы тапты

26 тамыз күні кешкі 9-да Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасына кезекші полиция бөлімінен Шұбартүбек кентінде таңғы 11 шамасында 2007 туған баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскен.

Туыстарының айтуынша, олар велосипед тарту еткен. Бала оны мініп алып, басы ауған жаққа жүре берген. Алғашында жергілікті полиция қызметі мен учаскелік инспекторлар іздегенмен, одан нәтиже шықпаған.

Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жедел топтары Шұбартүбекке барып, қараңғы түсуіне қарамастан баланы іздеуді жалғастырған.

Шамамен түнгі үште басқарма бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Б.Б. Хабдулин кенттен 700-800 метр арыда арыққа велосипедімен құлаған баланы тауып алды. Құтқарушылар оны ата-анасына тапсырып, жедел жәрдем шақырды.

Автор: Агата Мұхамеджанова