Қарағанды облысында құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны іздестіруде

ҚАРАҒАНДЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында үш тәулік бұрын жоғалып кеткен малшы іздестірілуде, деп хабарлады бейсенбі күні облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны іздестіруде

«Сәрсенбіде, 29 желтоқсан күні Қарқаралы аудандық ТЖ жөніндегі бөліміне жоғалып кеткен 40 жастағы азаматтың жақындары арызданып келіп, малшының екі күн бұрын таңғы уақытта Бүркітті ауылының Сауын табыны бөлімшесінен малға атпен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. Ауыл тұрғындары жоғалып кеткен малшыны өздері іздеп көргенімен, оларынан ештеңе шықпады», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер де жұмылдырылды. «Жақын жердегі жер аумағы, Бүркітті ауылы мен мал шаруашылығы фермасы жіті тексеріліп шықты. Жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары жайлы жақын жердегі барлық елді мекендер хабардар етілді», - деп атап өтті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.