Қарағанды облысында қысқы маусымға дайындық аяқталуға таяу

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жылыту маусымына дайындық Қарағанды облысы басшылығының үнемі бақылауында, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
None
None

Дайындық деңгейі туралы аппараттық жиналыс барысында барлық қалалар мен аудандардың әкімдері есеп берді. Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Ұлантай Үсенов баяндама жасады. 

- Бүгінгі таңда қысқа дайындық аяқталуға жақын. Осы мерзімге белгіленген 90% жоспар бойынша нысандардың дайындығы 91% құрап отыр. Кестеге сай барлық инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстары 20 қыркүйекке дейін аяқталады. Құбырларды қысыммен тексеру және гидравликалық сынамалар 1 қазанға дейін жасалып бітеді, - деді ол. 

Облыстың энергия стансаларында қазіргі таңда 24 қазандық және 9 турбина жөнделген. Жөндеу жұмыстары тағы екі қазандық агрегаттарда жалғасып жатыр. 

Қарағанды облысына Энергетика министрлігі тоннасы 70 мың теңгеден болатын 28 мың тонна әлеуметтік мазут бөлді. 
«Нұрлы жол» және «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жылу жүйелерінің құрылысы мен қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бес жоба Қарағандыда, және біреуі - Сәтбаевта жүзеге асырылып жатыр. Баяндамашының мәлімдеуінше, жұмыстар жоспарланған ретпен жүргізіліп, кестеден қалыс қалмай өткзілуде.

Фото: karaganda-region.gov.kz

Соңғы жаңалықтар