Қарағанды облысында қысқы ҰБТ қорытындысы шығарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қысқы ҰБТ қорытындысы шығарылды. 120 түлек 100 және одан жоғары балл жинады,, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ең жоғары балл жинаған (мүмкін болған 140 балдан): қарағандылықтар - 130 балл, нұралықтар - 126 және балқаштықтар - 127 балл.
Тестілеу 13 пункт базасында 11 күн аралығында (20-30 қаңтар) өтті, оған 6 017 түлек қатысты. Қарағанды облысының білім басқармасында нақтылағандай, 196 түлек ҰБТ-ға келмеген, оның 43-і ауруы бойынша (байланыста болған адамдар), 153-і ҰБТ-дан бас тарту себебінен. Заң
бұзушылыққа байланысты 10 түлек тестілеуден шеттетілді.
6 017 түлектің 3 802-сі қазақ тілінде, 2 205-і орыс тілінде және 10-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Барлық тестілеу пункттерінде санитарлық нормалар сақталды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары мен жергілікті полиция қызметкерлері кезекшілік етті.